Берегите сено от огня !!!

Берегите сено от огня !!!

            Ыстық күндерімен бірге бақылауға алынбаған от ірі өрттің ошағына айналып кететін өрт қауіпті кезеңі де басталды.

Өрттердің негізгі себептері болып, отты абайсыз пайдалану, электрқондырғыларын дұрыс монтаждамау мен қатты жемдерді сақтау, жинау орындарындағы өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу болып табылады.

Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен тұрғын секторында үнемі рейдтер өткізіліп, шөпті сақтау ережелерін түсіндіруге аса назар аударылуда. Шаруашылық құрылыстар тұрғын үйлерге тым жақын орналасқан елді-мекендерде өрт қауіпсіздіктің бұзушылықтары аз емес. Үй иелері зақымданған оқшаулағыштармен уақытша электржелілерін орнатады. Қорғау плафондарсыз электршамдар пайдаланылады. Ұшып кеткен ұшқыннан шаруашылық құрылыстардың өрттеніп кету жағдайлары да аз емес.

Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі адамдардың өмірі мен денсаулығына, сонымен қатар материалдық мүліктің сақталуына ерекше мән беріп, ауыл шаруашылық өнімдерінің сақтау орындарында өрттер мен жануларды болдырмауға бағытталған іс-шараларды орындауды қамтамасыз етуге шақырады.

  

 

Бесқарағай ауданының ТЖБ