"Сайлауды өткізуді ұйымдастыру"

"Сайлауды өткізуді ұйымдастыру"

2025 жылғы 28 шілдеде, 2025 жылға арналған каскадты оқыту жоспарына сәйкес "Сайлауды өткізуді ұйымдастыру" тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға учаскелік сайлау комиссиялары мен округтік сайлау комиссияларының төрағалары, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссиялары мен округтік сайлау комиссияларының жаңадан сайланған мүшелері қатысты.

Оқу семинарында жиналғандар алдында аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А .С. Қабиденова сөз сөйлеп, сайлауды өткізуді ұйымдастырумен таныстырды. Семинар барысында слайдтар мен бейнематериалдар пайдаланылды. Тыңдаушылар Қазақстан Республикасының негізгі заңдарымен және нормативтік-құқықтық актілерімен танысты. Семинар соңында АСК мүшелері жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.