Бозтал ауылдық кітапханасында 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Мамандықтар әлемінде» атты брейн-ринг форматындағы танымдық сайыс ұйымдастырылды. Шараға "Семей орманы" МОТР" РММ Бөкебай филиалының Шадруха орманшылығы ұжымы белсенді түрде қатысты. Қатысушылар мамандықтар тарихы, маңыздылығы, кәсіби этика туралы сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмалар орындап, қызықты пікір алмасты. Іс-шара барысында еңбек адамын құрметтеу, мамандық таңдаудағы жауапкершілік сынды өзекті мәселелер де қозғалды. «Әр мамандық — өз әлемі. Ал сол әлемге жол кітаптан басталады» деген ұранмен аяқталған шара қатысушыларға рухани серпіліс сыйлады.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.