Баланың атын беру- жауапты және салмақты іс. Баланың есімі әдемі, үйлесімді және заманауи болу үшін, баланы қалай атау жауапты және салмақты іс. Сондықтан, баланың аты, тегі және әкесінің атының жазылуы оның үйлесілімділігіне, шығу тегіне немесе атының мағынасына емес, құқықтық тұрғыдан қарастыруға ерекше назар аударғым келеді.
Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексінің 194 бабына сәйкес, тууды мемлекеттік тіркеу кезінде баланың тегі ата-аналарының тегімен айқындалады. Ата-аналарының тегі әртүрлі болған кезде балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-аналарының тілегі бойынша баланың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, баланың әкесінің немесе атасының атымен жазылады. Баланың тегіне қатысты ата-аналарының арасында туындаған келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.
Азаматтардың тілегі бойынша ұлты қазақ адамдардың тегі мен әкесінің атын жазуда қазақ тіліне тән емес: –ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -н, -ины, -на, -овна, -евна, -ович, -евич аффикстері алып тасталады, ал олардың орнына әкесінің атына: –ұлы, -қызы деген сөздер қосылып бірге жазылады.
Жеке адамның тегіне "тегі", "ұрпағы", "немересі", "шөбересі", "келіні" деген және басқа да сөздерді қосып жазуға жол берілмейді.
Ұлты қазақ адамдардың әкесінің аты тегін ауыстырған кезде оның міндетті түрде бірінші болып тұруына, одан кейін атының жазылуына жол беріледі, ал әкесінің аты қалауы бойынша жазылады.
Әкесінің атына "-ұлы, -қызы" деген жалғау қосылып, тегін ауыстырған жағдайларда, әкесінің аты жазылмайды.
Басқа ұлт өкілдерінің қалауы бойынша тегі, аты, әкесінің аты олардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес көрсетілуі мүмкін.
Сондай, кішкентай жаңа туған адам, тегін, атын, әкесінің атын алып, қоғам мүшесі ретінде құқықтық мәртебеге ие болады. Бұл фактінің орасан зор әлеуметтік мәні бар болғандықтан, ата-аналарға баланың тегін, атын және әкесінің атын дұрыс таңдауды және жазуды ұсынамыз.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК»
КЕ АҚ Абай облысы бойынша
филиалының Бесқарағай ауданының
АХАТ бөлімінің басшысы Б.Турганбаева