Семей орманы

Семей орманы

2025 жылғы 02 шілдеде ауданы 40 га құрғақ шөп жанды, дала өртінің «Семей орманы» РММ МОТР мемлекеттік орман қорының аумағына өту қаупі туындады. Өрт себебі ірі жемдерді (шөпті) жинау бойынша жұмысты жүргізген трактордың ақаулы ұшқын сөндіргішінен ұшқынның шығуы болды. Жедел іс-шараларды жүргізу барысында кінәлі тұлғалар анықталды. Өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке ҚР ӘҚБтК 589 б. «Көлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша тартылды, 19660 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза салынды.

Құрметті Бесқарағай ауданының тұрғындары мен қонақтары Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі  жинау жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

 

Бесқарағай ауданының ТЖБ