Бесқарағайда өрт қауіпсіздігі бойынша жұмыстардың бірегей түрі – граффити үлгісіндегі үгіт-насихат жұмыстары басталды. Жазулар арнайы трафареттер көмегімен жазылады, жолдардың тазартылған бөлігінің арқасында пайда болатындықтан оларды байқамау мүмкін емес. Бұл әдіс Бесқарағайда алғаш рет қолданылуда және ауыл тұрғындарына қарапайым, бірақ маңызды қауіпсіздік ережелерін еске салуға арналған. Жазулар ауылдың адам көп шоғырланатын жерлерінде жазылған. Мұндай шаралар халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттырып, төтенше жағдайларды алдын алу мен төмендетуге бағытталған.
ҚР ТЖМ Абай облысының ТЖД Бесқарағай ауданының ТЖБ