Алдын алу – қауіпсіздік кепілі!

Алдын алу – қауіпсіздік кепілі!

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар санын төмендетуді қамтамасыз ететін факторлардың бірі халықтың кең ауқымын қамтитын алдын алу шаралары болып табылады.

Сол үшін Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпті кезеңнің қауіпсіз өтуіне байланысты Бесқарағай ауылдық округінің әкімдігімен бірлесіп Бесқарағай ауылының көшелерінің халықтың кеңінен қамтитын орындарында өрт қауіпсіздігі тақырыбында баннерлер орнатты.  

Онымен қоса, Бесқарағай ауылындағы «Таза Қазақстан» саябағы мен Мәдениет үйінде орналасқан лэд-экрандарында суға түсу маусымына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы бейнероликтер тұрақты түрде көрсетілуде.  

Аталған шаралар халықтың қауіпсіздік мәдениетін жоғарылату мен түрлі төтенше жағдайлар пайда болу қаупін төмендетуге бағытталған.