Канонерка ауылдық кітапханасында «Поэзия менің өмірімде» атты поэзия сағаты ұйымдастырылды. Кеш барысында кітапханашы поэзияның адам өміріндегі маңызына тоқталып, қазақ ақындарының жүрекке жол табар туындылары туралы әңгімеледі. Оқырмандар өз сүйікті ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып, кейбірі өз шығармаларын да ортаға салды.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.