«Абай дана – Абай дара қазақта»

«Абай дана – Абай дара қазақта»

Малая Владимировка ауылдық кітапханасында қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай дана – Абай дара қазақта» атты ақпарат сағаты өткізілді. Ақпарат сағаты барысында кітапханашы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды мағлұмат беріп, оқырмандар назарына ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер ұсынылды. Шара соңында қатысушылар арасында сұрақ-жауап бөлімі өтіп, оқырмандар өз білімдерін ортаға салды.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.