Бүгін Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және Облыстық прокуратурасымен бірлесіп, «Радуга» балалар сауықтыру лагерінде алдын алу іс-шаралары өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет ету жолдары үйретілді. Сонымен қатар, ойын түрінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай кездесулер балалардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, шұғыл жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретеді.