Ауданымызда орын алатын өрттердің көпшілігі негізінен үй иелерінің электр жабдықтары мен электр желілерінің жағдайына немқұрайлы қарауынан туындайды. Көбінесе адамдар үйде электр қуатын пайдалану кезінде сақтық туралы ұмытады.
Өрттің себептері қараусыз қалған тұрмыстық құрылғылар, сым ұштарының бұралған қосылымдары, ескі сымдар және оны дұрыс орнатпау, электр желісінің шамадан тыс жүктелуі және электр есептегішіндегі калибрленбеген сақтандырғыштарды пайдалану, және т.б.
Адамдар электр пешін, электр жабдықтарын қосқанда пайда болатын «ұшқындар» сияқты болмашы электр ақауларын елемейді. Олар қайғылы оқиға болғаннан кейін ғана барлық «ұсақ-түйек нәрселерге» назар аударады. Бірақ электр құрылғылары мен электр қондырғыларын пайдалану стандарттарының барлық талаптарын білікті электрик орындауы керек. Ал сұрақтар туындаса, өрт сөндіру қызметіне хабарласу керек.
Құрметті үй иелері! Электр сымдарының дұрыс орнатылуын қадағалап, электр аспаптарын пайдалана отырып, сіз өз денсаулығыңызды, өміріңізді және мүлкіңізді болжауға болмайтын жау – өрттен сақтайсыз. Отпен абай болыңыз!
Бесқарағай ауданының ТЖ бөлімі