Статистика

Статистика

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері республикада 291,747 млн теңге шығынмен 140 орман өрті (15 795 га), дала алқаптарында 8 өрт (3 364 га), құраған өсімдіктің 1113 жануы (7 211 га) тіркелді.
Өрттің алдын алу мақсатында орман-дала алқаптарында және халықтың демалыс орындарында 6 135 рейд жүргізілді, оның нәтижелері бойынша жалпы 32 млн 180 мың теңге сомасына 2 905 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ЖАО-ға өрт қауіпті кезеңге дайын еместігі туралы 2 181 ескерту берілді.
Табиғат қорғау және орман мекемелерімен 258 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
БАҚ-та 14 799 сөз сөйлеу жүргізілді (ТА – 413, радио – 4 150, баспасөз және ақпарат агенттіктері – 1 652, әлеуметтік желілерде – 8 584).
Шаруашылық жүргізуші субъектілермен және тұрғындармен 142 511 адамды қамтып 2 064 жиын, 26 150 нұсқама, 1 066 дөңгелек үстел өткізілді.

ҚР ТЖМ Абай облысының ТЖД Бессқарағай ауданының ТЖБ