2025 жылдың 8 маусым күні Бесқарағай ауданы, Беген ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бесқарағай ауданы, Беген ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Беген ауылдық сайлау округі
Беген ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 740 азамат енгізілді, олардың 654-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–13, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-41.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Асылгожин Нурлан Толеуович – 436; Шарипканова Лязат Калиевна – 88, Шектыбаева Динара Кайржановна-76.
Беген ауыл округінің әкімі болып Асылгожин Нурлан Толеуович сайланды, 1964 жылы туған, «Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ-сі, әкім, Беген ауылында тұрады, «AMANAT» Партиясы ҚБ ұсынған.
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45 – бабына сәйкес, 2025 жылғы 9 маусымдағы шешімімен Беген ауылдық округінің сайланған әкімі – Нурлан Толеуович Асылгожинді тіркеді.
Бесқарағай ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы