2025 жылдың 3 маусымда Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, Беген ауылдық округінде орналасқан учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін «Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау процесінің, дауыс беру күні процесінің құқықтық негіздері, сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру және мүгедектігі бар сайлаушылардың учаскелік сайлау комиссиясына кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар мақсаты сайлау жұмысын ұйымдастырушыларға сайлау процесін, ұйымдастыру жұмыстарын оқыту. Теориялық білім берумен қатар практикалық жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ учаскелік комиссия мүшелері үшін тестілеу өткізілді.