Глуховка ауылдық акиматы қызметкерлері «Менің отбасым – менің мақтанышым» тақырыбында эссе жазды. Бұл шара ауылдық кітапханашының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Қызметкерлер өз отбасылары туралы жылы ойларын, қастерлі сәттерін сөз жүзінде білдіріп, отбасының маңыздылығын ерекше атап өтті. Отбасы – әр адамның өміріндегі ең басты тірек әрі қуаныш көзі. Осындай шығармашылық іс-шаралар арқылы қызметкерлер отбасының бірлігі мен құндылықтарын насихаттап, өзара түсіністік пен сыйластықты арттырады.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.