Қара-Мырза ауылдық кітапханасында ауылдық клубпен бірлесе отырып, "Отбасында өмір сүру бақыты" атты тақырыптық күнге арналған және Балаларды қорғау күніне орай "Көңілді старттар" атты шара өткізілді. Іс-шараға Жиенбаевтар отбасы мен Котовтар отбасы қатысты. Шараға келген қонақтар арасынан дауыс беру арқылы Матвеева З.Ш. мен Жанбүбеков Б.К. қазылар алқасына таңдалып, әр байқауды бес балдық жүйе бойынша бағалады. Көрермендер өз туыстары мен жақындарына жанкүйерлік танытты. Жеңімпаздар мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара жылы әрі достық көңіл-күйде өтті.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.