Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылдың 29 наурызындада өткен Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
2026 жылдың 29 наурыз күні Бесқарағай ауданының әкімінің сайлауы өтті.
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бесқарағай ауданының әкімінің сайлауының нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Бесқарағай ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне 11291 азамат енгізілді, олардың 7384 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –78, "бәріне қарсымын" деген жолда белгі қойылған –137.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Асылханова Салтанат Казыбаевна – 700;
Дюсенбаев Бауржан Турарбекович – 801;
Қалиқан Ділдар Қалиқанұлы – 5668.
Бесқарағай ауданының әкімі болып сайланды, Қалиқан Ділдар Қалиқанұлы 1985 жылы туған, Бескарагай ауданының әкімінің орынбасары, Бескарагай ауылында тұрады, «Amanat» партиясынан ұсынған.
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы