Бесқарағай ауданы аумақтық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 26 қантар
№ 5 қаулысына қосымша
2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған
Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары
|
1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 5 ақпаннан кешіктірмей (22-б. 2-т.)
|
|
2. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 5 ақпаннан кешіктірмей (13-б. 4-т.)
|
|
3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|
4. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Бесқарағай ауданы әкімінің м.а. Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде - 2026 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
|
5. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2026 жылғы 27 қаңтарда басталып, 2026 жылдың 12 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б.)
|
|
6. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп (4-б., 113-2-б.)
|
|
7. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Бесқарағай ауданы аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
|
8. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Бесқарағай ауданы аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.)
|
|
9. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Бесқарағай ауданы аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8,9-т.)
|
|
10. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2026 жылғы 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
11. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2026 жылдың 1 қаңтарына) |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
12. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма бес бұрын жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2026 жылдың 17 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б.)
|
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.)
|
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Бесқарағай ауданының әкімдігі және Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.)
|
|
16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы 17 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылғы 14 наурызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
17. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Бесқарағай ауданының әкімдігі және Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Бесқарағай ауданы әкімінің м.а. Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 22 ақпан (24-б. 5-т.)
|
|
19. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы 27 ақпаннан бастап (26-б. 1-т.)
|
|
20. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 5 наурызға дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
|
|
21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын - 2026 жылғы 12 наурыздан ерте емес және 14 наурызға дейін (37-б. 3-т.)
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2026 жылғы 15 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.)
|
|
23. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.)
|
|
24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Егер дауыс берудің аяқталуының өзге уақыты белгіленбесе және дауыстарды санау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспаса, 2026 жылғы 15 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.)
|
|
25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.)
|
|
26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.)
|
|
27. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 18 наурыздан кешіктірмей (113-10-б.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы 22 наурыздан кешіктірмей (44-б.) |
|
29. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру |
|
|
|
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде - 2026 жылғы 22 наурыздан кешіктірмей Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.