Аягөз аудандық орталық кітапханасында Аналар күніне арналған кітап көрмесі өтті

Аягөз аудандық орталық кітапханасында Аналар күніне арналған кітап көрмесі өтті

2025 жылғы 13 мамырда Аягөз аудандық орталық кітапханасында Аналар күніне орай «Ана бейнесі – рухани мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – ананың отбасындағы және қоғамдағы рөлін, қадір-қасиетін дәріптеу, жастардың бойына анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті сіңіру, сондай-ақ ана бейнесін мәңгілік рухани мұра ретінде насихаттау.

Көрмеге кітапхана оқырмандары мен мектеп оқушылары қатысты. Қазақ әдебиетіндегі ана бейнесі арқау етілген шығармалар мен ананың мейірімі мен даналығын сипаттайтын туындылар оқырман назарына ұсынылды. Кітапханашы А. Базарбекова көрмеге қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасап, аналарға арналған көркем және публицистикалық шығармаларға кеңінен тоқталды.

Көрме қатысушыларының бірі:
«Ана – әрбір адамның жүрегінде ерекше орын алады.  «Ана – өмірдің шуағы»  деген сөз бекер айтылмаған. Ана – бұл тіршіліктің ең маңызды тұлғасы», – деп өз ойымен бөлісті.

«Анадан артық адам жоқ, анадан асқан жан жоқ» деген қазақтың дана мақалы бүгінгі іс-шараның негізгі өзегіне айналды.

Аягөз аудандық орталық кітапханасы алдағы уақытта да осындай тағылымы мол іс-шаралар арқылы рухани құндылықтарды насихаттауды және жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесін нығайтуды жалғастыра бермек.