Аягөз қала көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды

Аягөз қала көшелерінде  жол жөндеу жұмыстары басталды

Аягөз қаласында инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары қаланың  10 көшесіне жүргізу жоспарланған: Шакенов, Р. Қошқарбаев, Сәтпаев, Болашақ, Ларшин, Амангелді, Әуезов, Бөгенбай батыр, Гагарин және Мұсапарбеков көшелері.

Жөнделетін көшелердің жалпы ұзындығы 7,1 шақырымды құрайды.

Жобаны іске асырушы мердігер ұйым — “Семей Жолдары” ЖШС.

Қазіргі таңда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аталған жұмыстар Аягөз қаласындағы жол-көлік инфрақұрылымының сапасын арттырып, аудан тұрғындарының күнделікті жүріп-тұруын жеңілдетуге және көлік қатынасын жақсартуға бағытталған жүйелі шаралардың бірі болып табылады.