Аягөз ауданы Қарағаш ауылында 230 сайлау учаскесінің мүшелерімен семинар өткізілді

Аягөз ауданы Қарағаш ауылында 230 сайлау учаскесінің мүшелерімен семинар өткізілді

Аягөз ауданы Қарағаш ауылында « Ауылдар,кенттер,ауылдық округтер әкімдерін сайлау  және Қазақстан Республикасы депутаттарын  сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында 230 сайлау участогінің мүшелерімен   семинар өткізіліп, кездесуге аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.

          Семинар барысында Қазақстан Республикасының сайлау Заңдылығын сақтау, сайлаудың әділ ,ашық өтуін  басты назарда ұстауын,заңның бұзылу фактілеріне жол бермеу керектігі және қауіпсіздік шараларын сақтауды, сайлау учаскелері сайлаушыларды шақыру парақтарымен 100 пайыз қамтамасыз етуін атап көрсетті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы  Қ.Абдреев.

         Сайлау комиссиясының  төрағасының орынбасары А.Атабекова ҚР сайлау туралы Заңына тоқталып ,заңда көрсетілген барлық нұсқаулар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуін және мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедек адамдардың дауыс беруіне жағдай жасалуына  баса назар аудару керектігін атап көрсетті.

  Семинар барысында сайлау участогінің мүшелері өз ойларын айтып, сайлау процесіндегі кездесетін сұрақтарын қойып,тиісті жауаптарын алды.