«Абай облысы Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ конкурс жариялайды

«Абай облысы Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ конкурс жариялайды

Абай облысы Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Абай облысы Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мекен-жайы: 070200, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Абай бульвары, 12,  тел. 8/72237/30345.

Мемлекеттік мекеменің негiзгi қызметi: мәдени-бұқаралық, мерекелерді, ойын-сауық танымдық, демалыс кештерін өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану, кітапхана ісі) және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-демалыс жұмысы) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білуі тиіс: Конституцияны, Бюджет кодексін; Еңбек кодексін;  Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын.

Лауазымдық міндеттері: Мәдениет үйінің әкімшілік-шаруашылық және экономикалық қызметін, жалпы басшылығын жүзеге асырады; Халықтың арасында мәдени-ағартушылық және бос уақытты ұйымдастырудың  негізгі бағыттарының қызметін әзірлейді және оның орындалуын бақылайды; Мәдениет үйінің шығармашылық-өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметінің  жоспарларын  құрастырады; Мәдени - демалыс ұйымдарының жұмысын, барлық қызметкерлердің қызметін ұйымдастырады, атап айтқанда: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары; шығармашылық, әдістемелік, мәдени - ағартушылық жұмыстарын жүзеге асыру; байқаулар мен фестивальдар, көркемөнерпаздар халық шығармашылығын дайындауды және өткізуді; көркемөнерпаздар басшылар семинарлары, көрмелер және шығармашылық қызметтің басқа да нысандарын қамтамасыз етеді; көпшілікке театрландырылған мерекелер мен көріністер, халық серуендері, жергілікті әдет-ғұрыптарымен сәйкес салт-дәстүрлерлер; халықтың әр түрлі топтарының бос уақытын ұйымдастыру, оның ішінде демалу және би кештерін өткізу, дискотека, карнавалдарды, балалар мерекелерін, ойын және мәдени ойын-сауық бағдарламаларын өткізу; халықтың  сұраныстары  мен қажеттіліктерін  ескере отырып, әлеуметтік-мәдени сипаттағы ақылы қызметтер ұсыну; көшпелі іс-шаралар мен гастрольдер өткізу үшін сахна алаңдарын ұсыну, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асыру үшін концерттік ұйымдар; өзіндік шығармашылық ұжыммен, сондай-ақ шақырылған орындаушылардың күшімен спектаклдер өткізу, концерттер, театр, ойын-сауық және көрме іс-шаралары; кинофильмдер және видеопрограммалар  көрсету  т. б.; тақырыптық кештер, шығармашылық кездесулер жүргізу; көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады; білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмектер көрсету жұмыстарына тартады; Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына, «Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-не  есеп  беруді  дайындау  және   есеп  беру   жұмыстарын  қамтамасыз  ету. Мәдениет үйін білікті кадрлармен қамтамасыз етеді, атап айтқанда: шығармашылық және техникалық персоналмен еңбек шарттарын (келісім-шарттар) жасайды; қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды, көтермелейді, шығармашылық бастамасын ынталандырады; ұйым қызметкерлерімен өндірістік және еңбек тәртібінің талаптарын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайды; мәдениет үйі қызметкерлеріне әкімшілік жаза қолдану туралы, көтермелеу шараларын ұсыну бойынша шешімдер қабылдайды; Мемлекеттік мекемеге  тиесілі   мүліктің тұтастығын және сақталуын қамтамасыз ету. Өзіне ұсынылған өкілеттіктері шегінде Мәдениет үйі қызметінің қаржылық және материалдық мәселелерін шешеді, атап айтқанда: мекемені қажетті технологиялық, инженерлік жабдықтармен, құрал-саймандармен, материалдармен және оларды пайдалануына бақылау жүргізеді және жарақтандыруды қамтамасыз етеді; мәдениет  үйлері мен  жабдықтарын, үй – жайларын  ғимараттарды, құрылыстарды күрделі және ағымдағы  жөндеуді  уақытында ұйымдастырады; әр түрлі азаматтық-құқықтық шарттар үшін қажетті шарттарын белгілейді және жасайды,  Мәдениет үйінің  қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Мәдениет үйіне келушілерге және клиенттерге қызметтерді көрсетумен байланысты, соның ішінде шағымдар мен талаптарды қарастырады, көрсетілген қызмет сапасымен байланысты барлық мәселелерді шешеді. Жеке және заңды тұлғалардың жеке мәселелері бойынша  қабылдауды жүзеге асырады.

Комиссия белгілеген мерзімде конкурсқа қатысу үшін басшы лауазымына кандидат:

  1. конкурсқа қатысуға байланысты өтініш;
  2. мемлекеттік және орыс тілінде түйіндеме;
  3. еркін нысанада жазылған мінездеме;
  4. білім бойынша құжат көшірмесі;
  5. еңбек кітапшасы немес еңбек шарты, бұрынғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданған, босатылған бұйрық көшірмесі
  6. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң мына мекенжай бойынша аяқталады: 070200, Аягөз қаласы, Абай бульвары, 12 үй  (2 қабат), 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8/72237/30345.

Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар Аягөз ауданы, Абай бульвары, 12 мекенжайы бойынша  Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі сұхбаттасудан өтеді.

 

«Абай облысы Аягөз ауданының ішкі саясат,

 мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ