
Кәсіпорын халықты және шаруашылық жүргізетін субъектілерді сумен жабдықтау және су бұру елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету саласында, мемлекеттік автомобиль жолдарын күтіп ұстау саласында, коммуналдық қалдықтарды кому, қалдықтар полигондарын құру және пайдалану саласында қызметті жүзеге асырады.
Функционалдық міндеттері: Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметтеріне жалпылай басшылық жасау; барлық құрылымдық бөлімшелердің, қызметтердің, бөлімдердің өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру; кәсіпорынның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективасын, стратегиясы мен басымдықтарын анықтайды; жаңа техника мен технологияны, басқарудың және еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізу үшін жағдайлар жасау; кәсіпорынның перспективасын, стратегиясын және техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму басымдылықтарын анықтайды; кәсіпорынмен қызметті тұтынушылар, мембюджет, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банкті қоса алғанда кредиторлар алдында міндеттемелердің орындалуын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімдердің), индикативті жоспарлар мен бизнес-жоспарлардың көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді; кәсіпорында салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау; барлық қызметтердің қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау; барлық қызметтердің қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау; сотта, төрелікте, мемлекеттік органдарда кәсіпорындардың мүліктік мүдделерін қорғау; есеп жүйесін және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды құру және қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары: Білімі жоғары кәсіптік техникалық, заң немесе инженерлік-экономикалық, кәсіпорын саласына сәйкес басқарушы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы және негізгі бөлімдері), Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-ІV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын, мемлекеттік кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
Үміткерлер «Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің кадрлар бөліміне келесі құжаттарды: конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік тілде түйіндемені; еркін нысанда жазылған өмірбаянды; білімі туралы құжаттардың көшірмелерін; белгіленген тәртіпте куәландырылған еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелерін; белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынулары қажет.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынылуы тиіс. Конкурсты өткізу орны – «Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ.
Мекен-жайы бойынша анықтама: Абай облысы, Аягөз қаласы, Момышұлы көшесі, 62, телефоны: 3-22-10, 3-29-70