Халық заңгері

Халық заңгері

30 мамыр күні аудандық әкімдіктің ғимаратында «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізіледі .Акция аясында заңгерлер, адвокаттар мен сарапшылар халыққа ақысыз заңгерлік көмек көрсетеді, сонымен қатар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдері азаматтарды қабылдайды. Кез келген азамат қажетті заңгерлік кеңес, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдерінен өзіне қажетті мәселелер бойынша түсініктеме ала алады.
Шараның басты мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру. Жалпы, Акция басталғалы бері 8 мыңнан астам білікті маман тартылып, 165 мыңнан аса адам құқықтық көмек алды.

Мекен-жай : Абай бульвары 14 (Аудандық әкімшілік), 1 қабат , кіші зал , сағ.16:00