Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «№10 қазақ мектеп гимназиясы» КММ-ң жүлдесіне арналған 2009-2010 ж.т қыздар арасындағы аудандық жарыс

Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «№10 қазақ мектеп гимназиясы» КММ-ң жүлдесіне арналған 2009-2010 ж.т қыздар арасындағы аудандық жарыс

24-25 сәуір аралығында волейболдан "№10 қазақ мектеп гимназиясы" КММ-ң жүлдесіне арналған 2009-2010 ж.т қыздар арасында аудандық жарыс өтті. Жарыстың мақсаты: Спортшылар арасында достықты нығайту,салауатты өмір салтын насихаттау; 

    Ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Қыржыбаев,мектеп директоры А.Авленов волейболшы қыздарды құттықтап,сәттілік тіледі. Мектептің өнерпаздары өнерлерін ортаға салып,көрермендердің  қошеметіне ие болды.Жарыстың төрешісі Д.Еділбаев  жарыстың өту тәртібімен таныстырды.

Жарысқа ауданнан үздік деген 13 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

 Жарыс қызықты, әрі тартысты өтті.

   Жарыстың қорытындысында "Көпбейінді қазақ мектеп гимназиясы"КММ-ң командасы І орын иеленсе,жарыс иелері –«№10 қазақ мектеп гимназиясы»КММ-ң командасы ІІ орын, «Мектеп жанындағы интернаты бар ЖОББ№6М»КММ-ң командасы ІІІ орын иеленді. «Үздік қорғаушы- Бақтыбаева Диана(№6ом),»Үздік доп үйлестіруші»- Есентаева Айсара(№10 гимназия),»Үздік шабуылшы»-Талғат Нарқыз (№10 гимназия), «Үздік ойыншы»- Мәдениетқызы Іңкәр болып танылды.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер,үздік ойыншылар аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен, №10 гимназияның кубоктарымен медальдарымен,бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 Шәкірттеріміз бен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз. Алар асуларыңыз мол болсын!