Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қари жүлдесіне арналған XV дәстүрлі волейбол жарысы

Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қари жүлдесіне арналған XV дәстүрлі волейбол жарысы

Халыққа еңбегі сіңген емші,ұстаз Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қари жүлдесіне арналған аудан мектептерінің білім қызметкерлері арасындағы  дәстүрлі XV волейбол жарысы №4 жалпы орта білім беретін аралас мектебінде 2024 жылдың 26-27 сәуір аралығында өткізілді. Ашылу салтанаты жоғарығы деңгейде ұйымдастырылды.Білім бөлімінің әдіскері С.Қыржыбаев,ардагерұстаздар Е.Шарафутдинов,Ж.Мухаметкалиева,Қазыбай атамыздың туыстары, балалары спортшыларға ақ жол,сәттілік тіледі. Ұстаз Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қари, халыққа емшілік қасиетімен қатар ұстаздық тәлім тәрбие бере отырып шәкірт тірбиелеген ұлағатты ұстаз. Қазіргі таңда, Ұстаз Қазыбай қари тәрбиелеген шәкірттері халық игілігіне еңбек етуде.

  Жарысқа келсек,12 команда бақтарын сынады. Жарыстың бас төрешісі Е.Игисинов төрешілер отырысында жеребе арқылы 3 топқа бөлінгенін хабарлап,командалар жарыс жолына шықты.  Алдарына жан салмай,топтық ойындарда жақсы өнер көрсетіп, ақтық ойындарға №4 орта мектебі,№1 орта мектебі және балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командалары шығып,жүлделі орындарды сарапқа салды. Қарсыластарын тізе бүктіріп, І орынды №4 орта мектебінің командасы иеленді ,ІІ орынды балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы,ІІІ орынды № 1 орта мектебінің командасы иеленді. "Үздік ойыншы" болып Умбеталиев Дастан(№4ОМ) "Үздік доп үйлестіруші" -Кабылбаев Ержан (БЖСМ),"Үздік қорғаушы"- Е.Оралбеков(№1ОМ)және үздіктер қатарынан А.Омарбеков(мектеп-гимназия),Ж.Панов(№4ОМ)көріне білді.

 Жарыс жүлдегерлері және үздік ойыншылар Қазыбай атаның ұрпақтарынан ұсынылған кубоктармен,мақтау қағаздармен,медальдармен,бағалы сыйлықтармен және ардагер ұстаз Ж.Мухаметкалиеваның екі үздік ойыншыға берген бағалы сыйлықтарымен марапатталады