8-9 сынып оқушылары арасындағы Ұлағатты ұстаз, спорт ардагері, «Ы. Алтынсарин атындағы орденнің иегері А. Алатаевтың атындағы VІІ дәстүрлі баскетбол жарысы

8-9 сынып   оқушылары  арасындағы Ұлағатты  ұстаз,  спорт  ардагері, «Ы.  Алтынсарин  атындағы орденнің иегері А. Алатаевтың атындағы VІІ дәстүрлі баскетбол жарысы

2024  жылдың  18-19сәуір аралығында  8-9 сынып оқушылары арасындағы ұлағатты ұстаз,спорт ардагері,«Ы.  Алтынсарин  атындағы  орденнің иегері А. Алатаевтың атындағы  VІІ дәстүрлі баскетбол  жарысы  «№ 3 жалпы  білім  беретін  орта  мектеп» КММ–де өткізілді.
    Ашылу  салтанатында аудандық  білім  бөлімінің басшысы Н.Азимбаев, жарыс иесі Амангелді Алатаевичтің жұбайы  Назира апай қатысушыларға сәттілік тілеп,қонақтарға жылы  лебіздерін  білдірді. Салтанатқа Амангелді Константиновичтің оқушылары, отбасы  достары қатысып,тілекші  болды.   Мектеп  оқушылары  мың  бұралған бимен, әсем  әндермен қонақтарды, қатысушыларды өз  өнерлерімен  тәнтті  етті.

    Төреші Д. Жақиянов жарыстың  өту  тәртібімен,  ережелерімен, жеребе қорытындысымен таныстырды.Жалпы,  жарысқа  ауданымыздың  11 орта  мектептерінің  командалары  қатысты. Командалар  жеребе  арқылы 3 топқа бөлінді. Мықтылар  алғашқы  ойыннан  соң көзге  түсе  бастады.Мықтының  мықтысын айт -демекші, мектеп-гимназия,№ 7 орта  мектеп,№ 5 орта  мектебі
командалары  ақтық  ойындарға шығып,өз  ара  жеңімпазды  анықтады.
          ТөрешілерТ.Оспанов,Д.Ғайсин,Ө.Қаңтарбаев,Ж.Кайсабеков,А.Боздақова,Д.Жақияновтар,Е.Оралханов әділ  төрешілік  етті.
    Қала  мектептерінен №1, № 3, № 4, № 5,№7, К.  Бозтаев  ат.ом, мектеп – гимназия, № 10 гимназия,ауылдық округтерден Ақши ом, Сарыарқа,С.Ғаббасов атындағы орта мектебі,Ж.Жабаев атындағы  орта  мектебінің командалары  қатысты.Жарыс жоғарғы  дәрежеде өтті.
       Шиеліністі  ойындар  қорытындысы  бойынша  І  орынды #7 орта мектебінің командасы,   № 5 орта  мектебінің  командасы  ІІ орынды, мектеп- гимназия командасы ІІІ  орынды  иеленді.    
        Жарыс  соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлер,әр  ойын  шебінде үздік  ойын  көрсеткен ойыншылар кубоктармен, аудандық  білім  бөлімінің  мақтау  қағаздарымен және жеңімпаздар жарыс иелерінің  демеушілігімен алынған арнайы  ауыспалы  кубокпен,медальдармен, медальдармен марапатталды.Төрешілер  де демеушілердің марапатына  ие  болды.