ЖӘДІГЕР СЫРЫ: ТҰРМЫСТЫҚ ЖАБДЫҚТАР

ЖӘДІГЕР СЫРЫ: ТҰРМЫСТЫҚ ЖАБДЫҚТАР

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз филиалында «Жәдігер сыры: тұрмыстық жабдықтар» атты тақырыптық дәріс өтті. Дәріске № 10 қазақ мектеп-гимназиясының  8 «А» және 6 «А» сынып оқушылары мен педагог ұйымдастырушы Айгерім Тілеубекқызы қатысты.

Оқушылар этнография бөліміндегі ұлттық мәдениетімізді, ата-бабадан қалған бай мұрамыздың, құнды жәдігерлеріміздің тарихынан сыр шертетін дүниелерді тамашалады. Оларға тұрмыстық жәдігерлер мен жабдықтардың тарихы, қолданылуына қарай ерекшелігі және маңыздылығы түсіндірілді.

Шара соңында оқушылар музейдің экспозициялық бөлімдерімен таныстырылды.

 

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің

 Аягөз қаласындағы филиалы