
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында өңіріміздің тумасы, 17 ақынның бірі, атақты шешен Байғара би Құттыбайұлының туғанына 325 жыл толуына орай «Байғара- он жеті ақынның бастауы» атты тақырыптық дәріс ұйымдастырылды. Дәріске 10810 және 10181 әскери бөлімінің үздік сарбаздары қатысты.
Ел ішінде Байғараны «Қыдыр дарыған әулие» санап, аруағына халқы сиынып, зиратына қонып, мінәжат еткен. Найманның Қаракерей руының Сыбан елінің ақындық мектебі Байғара биден бастау алады, шыққан тегіде Найманнан. Ақтайлақ, Дулат, Түбек, Әріп Байғараның ұрпақтары. Байғара бидің биік тұлғасын Дулат ақын «Кеңесбайға» деген өлеңінде:
«Байғара атаң бай болды,
Төрт түлігі сай болды,
Қайыры елге мол болды,
Анық әділ сол болды», - деп, оның байлығымен қоса, халқына қайыры тиген әділдігін жырға қосқан.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалы