Мемлекеттік корпорацияға АХАТ функциялары берілген сәттен бастап Абай облысында 1356 неке тіркелді.
Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін 307 ажырасу дерегі тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, Азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі функциялар «Азаматтарға арналған үкіметке» 2023 жылғы 1 шілдеде берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі өзгеріссіз қалғанын атап өтеміз.