2023 жылы 7-10 тамыз аралығында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 178 жылдығына орай XXIV республикалық “Абай оқулары” өтті

2023 жылы 7-10 тамыз аралығында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 178 жылдығына орай XXIV республикалық “Абай оқулары” өтті

2023 жылы 7-10 тамыз аралығында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 178 жылдығына орай XXIV республикалық “Абай оқулары” өтті. Мақсаты: Жас ұрпаққа Абай және оның шәкірттерінің шығармаларын насихаттау, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Республикалық “Абай оқуларына” ауданымыздан қатысқан шәкірттеріміз 2 күміс, 1 қола медаль қаңжығаларына байлады.
1. “Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары” бөлімі бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағауия Абайұлы, Ақылбай Абайұлы шығармаларын жатқа оқу:
3 - дәрежелі диплом иегері 10-сынып оқушысы Арман Аружан “Қалалық қазақ мектеп - лицейі” КММ.
Жетекшісі: Жақсыбаева Б.М
2. “Ұлылар әлемі” Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу:
2-дәрежелі диплом иегері 11-сынып оқушысы Мейрамханқызы Аяулым “ Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі” КММ.
Жетекшісі: Бирталаева Бақыт Нұрлановна
3. “Абайдың қара сөздері” бөлімі бойынша Абай қарасөздерін жатқа оқу:
2-дәрежелі диплом иегері 9-сынып оқушысы Иманбаева Жансаулем “ Ақтоғай жалпы орта білім беретін мектебі” КММ.
Жетекшісі: Чектыбаева Әдемі Сабенқызы.
Жеңімпаздар мен жетекшілерді құттықтаймыз! Тек биіктен көрінулеріне тілектеспіз