ЖЕЛБІРЕ, ЖЕҢІС ЖАЛАУЫ!

ЖЕЛБІРЕ, ЖЕҢІС ЖАЛАУЫ!

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты мектеп оқушылары арасында қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу. Көрмеге тері, ағаш, темір, киіз, бисер, фетр және т.б материалдан жасалған жұмыстар қабылданды. Жеңімпаздар «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Аягөз аудандық филиалы мен Аудандық білім бөлімі ММ-нің мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Ұлдар арасында:

І орын

Аманбеков Нұрлыбек, 6-сынып

«Д.Бабатайұлы атындағы ЖОББМ» КММ

Жетекшісі: Омаров А

ІІ орын

Ермұқашев Әділжан,  8- сынып

«Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

Жетекшісі: Оразаев Е

ІІІ орын

Айдарбек Арнат, 8-сынып

«№ 3 ЖОББМ» КММ

Жетекшісі: Оралбаев Б

 

Қыздар арасында:

І орын

Қайса Жұпар, 7-сынып

«№ 5 ЖББОМ» КММ

Жетекшісі: Конырбаева А

ІІ орын

Шалқарова Еркежан

7-сынып

«Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

Жетекшісі: Тлеулесова А

ІІІ орын

Алпамбаева Мөлдір, 7-сынып

« №1 Ақшәулі ЖОББМ» КММ

Жетекшісі: Скакова А

ІІІ орын

Құрманғазыева Гүлсана, 7-сынып

« С.Ғаббасов атындағы ЖОББМ» КММ

Жетекшісі: Сыдықов Қ.

Құттықтаймыз!

 

Жеңіс күні – бұл жеңісті ерліктің, еңселі елдіктің Рухы өрлеп, Жеңіс туы желбіреген күн. Елі мен жері үшін жанын пида еткен,  туған жеріне оралмай кеткен қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске алатын күн. Отанына деген шексіз табандылық пен ерліктері қатал соғыста жеңіске жеткізді. Ұлы Жеңіс күні – бейбітшілік пен жасампаздықтың асыл құндылығымыз. Көк аспанда Жеңіс туы мәңгілік желбірегей!

 

 

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің

 Аягөз қаласындағы филиалы