2023 жылдың 27-28 сәуір аралығында № 4 орта мектебінің спорт залдарында білім қызметкерлері арасында «1 мамыр -Қазақстан Халықтарының бірлігі» күні мерекесіне және Халыққа еңбегі сіңген емші, ұстаз Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қари жүлдесіне арналған волейболдан жарыс өткізілді.
Ашылу салтанатында мектеп директоры Қ. Тастанбеков,ардагер ұстаз Ж.Мухаметкалиева,атамыздың ұлы Шынболат ұстаздарды, қатысушыларды «1 мамыр Қазақстан халықтары бірлігі» күні мерекесімен құттықтап, ұстаз Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қариды еске алуға арналған жарысқа қатысушыларға және алыстан ат терлетіп келген командаларға сәттілік тіледі. Қатарынан он үшінші рет өткізілген жарысты № 4 орта мектебінің директоры Қ. Тастанбеков бастаған ұжым үнемі жоғарғы дәрежеде өткізуде.! Мектеп әртістері ән айтып, әдемі әсем би орындап, қатысушыларға жақсы көңіл – күй сыйлады.
Жарыстың бас төрешісі Е. Игисинов жарыстың өту барысымен таныстырды. Жарысқа 14 команда қатысатынын, ақтық ойындарғы шығу ережесін түсіндірді.
Қала мектептерінен № 1,Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебі,№3 ,#4,#5,#6 орта мектеп командалары,К. Бозтаев атындағы қазақ мектеп гимназиясы командасы,мектеп-гимназия, мектеп-лицей,балалар – жасөспірімдер спорт мектебі командалары қатысса, ауылдық округтерден ,Айғыз орта мектебі,А.Көшкімбаева атындағы орта мектебі,Ақшаулі орта мектебі,С. Ғаббасов атындағы орта мектептер командалары жарыс жолына шықты.Жиыны 14 команда жарыс жолына шығып, мықтыларды анықтады.
Командалар 4 топқа, жеребе арқылы бөлінді. Ақтық ойындарға № 1 , № 4 ,көпбейінді қазақ мектеп гимназиясы, балалар– жасөспірімдер спорт мектебі командалары жолдама алып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Ақтық ойында № 1 орта мектеп командасы жақсы өнер көрсетіп, І орынды, ІІ орынды балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің командасы ,ІІІ орынды № 4 орта мектебі командасы иеленді. «Үздік доп үйлестіруші» болып, мектеп гимназия командасының ойыншысы М.Махат, «Үздік қорғаушы» - А.Кайранбаева(#4 ЖОББараласМ) «Үздік шабуылшы»- Б.Базарбаев(БЖСМ), «Үздік ойыншы» болып, #1 орта мектебі командасының ойыншысы А.Махатов танылды. Т.Оспанов,Е.Игисинов,Е.Оралбеков арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер және үздік ойыншылар Қазыбай қаридың ұлдарының арнайы әкелген кубоктарымен,медальдармен,бағалы сыйлықтармен,аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.Талай жыл ауданымызда салауатты өмір салтын насихаттаудағы еңбектері үшін Қазыбай қаридың ұрпақтарына алғысымыз шексіз! Еңбектеріңіз жана берсін демекпіз!