
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу шеңберінде Аягөз ауданында сайлау учаскелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді тексеру, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.
Жұмыс аясында 2026 жылғы 10тамыз күндері Аягөз ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқығын қамтамасыз ету жөніндегі аудандық жұмыс тобы сайлау учаскелеріне мониторинг жүргізді. Іс-шараға аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, аумақтық сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың, әлеуметтік қорғау саласының мамандары мен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғайтын қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Мониторинг барысында Аягөз қаласындағы 11 сайлау учаскесі қамтылды.
Тексеру барысында:
Мониторинг нәтижесінде 3 сайлау учаскесінде қолжетімділікке қатысты жекелеген кемшіліктер анықталды:
3.Участок атауы жазылған брайль шрифті ауыстыру
Оның ішінде уақытша пандустарды орнату, арнайы автотұрақ орындарын белгілеу, тактильді көрсеткіштерді толықтыру, шақыру батырмаларын орналастыру, ақпараттық материалдардың қолжетімділігін жақсарту және басқа да мәселелер бойынша ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, 11 сайлау учаскесінде мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын толық жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлардың жасалғаны анықталды. Көптеген учаскелерде ғимараттар бірінші қабатта орналасқан, пандустармен жабдықталған, арнайы дауыс беру кабиналары орнатылған, ақпараттық стендтер мен навигациялық көрсеткіштер орналастырылған.
Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған барлық ескертулер аумақтық сайлау комиссиялары мен жауапты мемлекеттік органдарға жолданып, сайлау күніне дейін оларды жою бойынша нақты іс-шаралар жоспары белгіленді.
Аудан бойынша мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқығын қамтамасыз ету жөніндегі аудандық жұмыс тобы барлық азаматтардың сайлауға тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету мақсатында сайлау учаскелерінің қолжетімділігіне тұрақты бақылау жүргізуді жалғастырады.