
Абай облысы әкімі Берік Уәли мырзаның бастамасымен жүзеге асып, көпшілік ризашылығына бөленген «Алакөл алаулары 2026» фестивалі өз мәресіне жетті. Екі ай шамасында Алакөл төрінде облысымызға қарасты аудандардың арнайы күні белгіленеп, демалушыларға ерекше әсер сыйлады. Бұл фестиваль – өнер мен мәдениетті, ұлттық құндылықтар мен шығармашылықты дәріптейтін мәдени-рухани мерекелік шара. Аягөз ауданының өнерпаздары, фестиваль барысында көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынып, ауданның өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары ән айтып, би билеп, ұлттық өнерді насихаттады. Қазақтың дәстүрлі әндері мен күйлері орындалып, заманауи эстрадалық шығармаларды да шырқады. Алакөл қонақтарына жерлесеміз, ҚР парламент мәжілісінің депутаты Н. Сабилянов пен аудан әкімі А. Нұғымаров құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Аудан өнерпаздарын қолап, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Әбдіжаппар Әлқожа мен Мархаба Сәби де өнер көрсетті. Бұл кеште, тыңдармен тебіренді, көрермен көңілденді, жанкүйелер жалындады.
«Алакөл алаулары» фестивалі – ел бірлігін нығайтып, мәдениет пен өнерді насихаттауға, шығармашылық ұжымдар арасындағы байланысты арттыруға және көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағытталған жарқын мәдени шара.