
10 тамыз күні Абай саябағында «Абай күніне» орай , ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақты ақынның мол мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында әдеби-сазды кеш болып өтті. Бұл кеш, аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің жылдық жоспарына сай жүзеге асты. Кеште аудан өнерпаздары ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Саябақта демалушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, көпшілік қошеметіне бөленді. Шара соңында Абайдың шығармашылығының қазақ әдебиеті мен ұлттық руханияттағы орны туралы қорытынды сөз айтылып, қатысушыларға алғыс білдіріледі.