
5 шілде күні Аягөз ауданының жастар орталығы мен мәдениет үйінің бірлесіп ұйымдастырған ұлттық домбыра күніне арналған іс-шара болып өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылығымыз саналатын домбыраны дәріптеу, қазақ халқының күй өнерін насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыру және патриоттық тәрбие беру болды. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» саябағына сән кіргізген аталмыш іш-шара көрермен көңлінен шығып жатты. Мерекелік бағдарлама барысында күйшілердің орындауында халық күйлері орындылып, дәстүрлі әндер шырқалып, оқушылар домбырада өнер көрсетті. Іс-шара соңында қатысушылар марапатталып, домбыраның халқымыздың рухани мұрасы екені атап өтілді. Барша көрермен ұлттық өнерді қастерлеуге, мәдени мұрамызды сақтап, келер ұрпаққа аманат етуге шақырылды.