
Аягөз ауданының мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 2026 жылғы 2 шілде мен 3 тамыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Егер мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, әкімшілік кедергілер туралы мәліметтеріңіз, сондай-ақ талдау жүргізілетін саладағы қызметті, оны реттейтін нормативтік құқықтық актілерді және ішкі процестерді жетілдіру жөнінде ұсыныстарыңыз болса, оларды e.bazarov@akimatabai.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
Ұсынылған ақпараттың құпиялылығы мен анонимділігіне кепілдік беріледі. Келіп түскен мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сондай-ақ оларды болдырмауға бағытталған ұсынымдар әзірлеу мақсатында ғана пайдаланылатын болады.