
Аудан әкімдігінің қолдауымен дәстүрлі аудандық «Өнерім саған-туған ел» көркемөнерпаздар байқауының қорытынды гала концерті «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінде болып өтті. Мамыр айының 11 -19 жұлдызы аралығында ауданымызға қарасты барлық ауылдық округтер өз өнерлерін ортаға салып, салт пен дәстүрдің, ынтымақ пен бірліктің нағыз ордасы екенін дәлелдеп берді. Алдымен, қазылар алқасы барлық ауыл көркемөнерпаздарының ұсынған концерттік бағдарламасын тамашалады. Жүзден жүйрік деп танылған үздік нөмірлер іріктеліп, гала концертте өнерлерін көрсетті. Жеңімпаз ауылдар арнайы ақшалай сыйлықтың иегерлері атанды. Бұл байқау, нағыз таланттардың ауылдан шығатынын, ауылдың ұлт өнерінің ордасы екенін тағы бір дәлелдеді.