«Ауылдық мәдениет үйлеріндегі іс-шараның жаңа форматы: тәжірибе және жаңашылдық» тақырынбында өткен аудандық мәдени ұйымдастырушылар семинары

«Ауылдық мәдениет үйлеріндегі іс-шараның жаңа форматы: тәжірибе және жаңашылдық» тақырынбында өткен аудандық мәдени ұйымдастырушылар семинары

Мәдениет ауылының мәдени ұйымдастырушысы Жанаргүл Серікқалиқызының бастамасымен «Ауылдық мәдениет үйлеріндегі іс-шараның жаңа форматы: тәжірибе және жаңашылдық» тақырынбында аудандық семинар болып өтті. Семинар барлық ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының меңгерушілеріне арналды. Семинардың мақсаты: ауылдық мәдениет үйлерінің жұмысын заманауи талаптарға сай жандандыру, тұрғындардың қызығушылығын арттыру және дәстүрлі мәдениетті креативті форматта дамыту арқылы мәдени өмірді жандандыру. Семинар бағдарламасы жүйелі, әрі қызықты жоспарланған. Ауылдық өлкетану мұражайынан бастау алып, «Креативті ойлау: ауыл мәдениетін жаңғырту жолдары» атты тренингпен жалғасты. Семинарға қатысушы мәдени ұйымдастырушылар тренингке белсене қатысып, өз қабілеттері мен пікірлерін білдіріп жатты. Белгілі топтарға бөлінген мәдени ұйымдастырушылар өзара сайысқа түскендей, зор белсенділік танытты. Ары қарай, Мәдениет ауылының көремөнерпаздарының концертіне ұласты. Пікірталас алаңы ұйымдастырылып, келген қонақтар семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған аталмыш семинардың мәдени ұйымдастырушыларға берері мол болды.         Семнарды ұйымдастырушы Ж. Серікқалиқызына Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан алғыс хат табысталды.