Таза Қазақстан – таза аймақ

Таза Қазақстан – таза аймақ

Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Осы бағытта елімізде бірқатар ауқымды бастамалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы. Аталмыш акцияны Аягөз аудандық мәдениет үйі және барлық ауылдық округтегі клуб қызмсеткерлері қолдайды. Біз бұл жұмысты тек сенбілік немесе тазалық шарасы ретінде емес, қоғамның экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді жүйелі жұмыс ретінде қарастырамыз.