"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысушылардың заңды өкілдеріне арналған нысаналы талаптар мен жинақтарға қатысты ақпарат

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысушылардың  заңды өкілдеріне арналған нысаналы талаптар мен жинақтарға қатысты ақпарат

Заңды өкілдер тарапынан eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында 2025 есепті жылы балаларына есептелген нысаналы талаптар туралы ақпараттың көрсетілмеуі мәселесі бойынша өтініштердің түсуіне орай БЖЗҚ аталған жағдай келесі себептерге байланысты болуы мүмкін екенін хабарлайды:

 

  1. Мобильді қосымшаларда құжаттар жаңартылмаған. Ақпараттың дұрыс көрсетілуі үшін келесі амалды орындау қажет:
  • eGov Mobile қосымшасында: "цифрлық құжаттар" - "отбасы" - "құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";
  • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz:" Мемлекеттік қызметтер " - "барлық құжаттар" - "құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер".

 

  1. Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға нысаналы талаптарды есептеу туралы мәліметтер көрінбейді. Бұл жағдайда ақпарат заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмейді, себебі нысаналы талаптар нысаналы жинақтар (НЖ) мәртебесіне ие болды және енді НЖ туралы мәліметтерге қол жеткізу құқығы оларды алушыға (2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азамат) тікелей қолжетімді болады.

 

Естеріңізге сала кетейік, есепті жылы 18 жасқа толатын азаматтардың нысаналы талаптары НЖ-ға айналады және жыл басында олардың БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) автоматты түрде АҚШ долларымен есептеледі. 18 жасқа толған күннен бастап жастар өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және/немесе білім алуға пайдалануға немесе болашаққа зейнетақы жинақтары ретінде сақтауға құқылы.

Бұл ретте НЖ алушылар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өздері алуға тиіс. БЖЗҚ қазақстандық заңнамаға сәйкес НЖШ-дағы қалдықтар мен ақша қозғалысы туралы мәліметтерді қоса алғанда, НЖ құпиялылығына кепілдік береді.

БЖЗҚ балалардың заңды өкілдеріне цифрлық құжаттарды мобильді қосымшаларда уақытылы жаңарту, сондай-ақ кәмелетке толған азаматтарға НЖ туралы ақпаратқа оны пайдаланушылардың өздері ғана қол жеткізе алатындығын түсіндіру қажет екенін еске салады.

Баланың бағдарламаға қатысу фактісі және 18 жасқа дейінгі балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған азаматтың ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері баланың ЖСН бойынша kids.enpf.kz сайтынан тексере алады, мұнда  бағдарламаның шарттарымен, нұсқаулықтармен, сондай-ақ қызықтырған сұрақтардың жауаптарымен танысуға мүмкіндік бар.