
2026 жылғы 30 наурыз күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін Аягөз ауданы әкімдігінің ғимаратында (Б. Абая көшесі, 14) жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй қатынастары, экономика және ауыл шаруашылығы салалары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде дербес бөлімдердің мамандары азаматтарды қабылдайды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді алу барысында туындайтын мәселелер бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу және практикалық көмек көрсету.
Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес алуға шақырамыз.