
Биылғы Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мерекесі «Аягөз Наурыз құшағында» атауымен аталды. Орталық алаңға жиналған қала қонақтары мен тұрғындарында шек болмады. Толассыз таратылған наурыз көже, қатарынан тігілген қазақ үйлер, мерекелік концерт, ұлттық спорт түрлері, бәрі-бәрі мейрам көркін кіргізді. Аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйі өнерпаздарының ұсынған бағадарламасы көпшілік көңілінен шығып жатты. Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Серікболұлы Аягөз халқын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.