
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен Қалалық №5 жалпы орта мектептің оқушылары арасында мазмұнды әрі қызықты квест-іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында жас ұрпақ сайлау үдерісінің маңызын түсініп, азаматтық жауапкершілік, белсенділік және әділ таңдау жасау қағидаларымен танысты.
Қатысушылар түрлі тапсырмалар орындап, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Бұл күн оқушылар үшін жаңа тәжірибе мен жарқын әсер сыйлаған ерекше мерекеге айналды.
Азаматтық сана қалыптастыруға бағытталған мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.