«Дүниежүзілік сайлау күні: сайлаушы сенімі – басты назарда»

«Дүниежүзілік сайлау күні: сайлаушы сенімі – басты назарда»

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен Қалалық қазақ мектеп-лицейінде оқушылар арасында танымдық-тәрбиелік бағыттағы «Сайлау күні» тақырыбындағы квест-іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа сайлау үдерісінің маңызын түсіндіру, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру болды. Квест барысында оқушылар сайлау кезеңдерімен танысып, кандидат ұсыну, үгіт жүргізу, дауыс беру және нәтижені анықтау тәрізді процестерге белсенді қатысты.

Іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың өз пікірін еркін білдіруіне және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Сайлау комиссиясының мүшелері тарапынан дауыс беру тәртібі мен әділдік қағидаттарына ерекше назар аударылды. Оқушылар сайлау процесінің ашықтық пен заңдылыққа негізделетінін тәжірибе жүзінде түсінді.

Өткізілген квест жас буынның азаматтық санасын қалыптастыруға, қоғамдағы белсенді ұстанымын нығайтуға ықпал етті. Осындай мазмұнды іс-шаралар болашақта саналы, жауапты азамат тәрбиелеудің маңызды бөлігі болып табылады.