
Дүниежүзілік сайлау күні аясында «Менің дауысым – менің болашағым» тақырыбында Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы «КММ»-нің «Найзағай» командасы мен №7 жалпы орта білім беретін мектептің «Жастар» командасы арасында мазмұнды әрі тартысты пікірсайыс өтті.
Пікірсайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, сайлауға қатысудың маңызын түсіндіру, жастардың өз пікірін ашық әрі дәлелді жеткізе білу дағдыларын дамыту болды.
Шара барысында қатысушылар қоғамдағы сайлау мәдениеті, белсенді азаматтық ұстаным, жастардың ел болашағына қосатын үлесі сияқты өзекті мәселелерді көтеріп, нақты мысалдармен ойларын ортаға салды. Әр команда өз көзқарасын сенімді қорғап, логикалық аргументтер мен өмірлік тәжірибелерге сүйене отырып пікір білдірді.
Аталған пікірсайыс жас ұрпақтың саяси сауаттылығын арттырып, ел тағдырына бейжай қарамайтын саналы азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қосты.
Осындай тағылымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.