
Бүгін Аягөз қаласындағы № 6 жалпы білім беретін орта мектебінде “Менің дауысым-менің болашағым” тақырыбында 11 сыныптар арасында пікір-талас өткізілді.
Пікірталастың мақсаты:
Жастардың өз ойын еркін айтуы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру арқылы қоғамдағы маңызды мәселелерге белсенді араласуын көрсету, яғни әр адамның дауысы өз болашағын айқындайтынын дәлелдеу.
Қорытындылай келе, әр адамның дауысы — оның болашағын қалыптастыратын маңызды құрал. Өз ойымызды ашық айтып, дұрыс таңдау жасай білсек, жарқын әрі әділетті қоғам құра аламыз. Бейжайлық — болашаққа қауіп, ал белсенділік — табыстың кепілі. Сондықтан өз дауысымызды бағалап, оны елдің дамуы мен өз келешегіміз үшін пайдалану — әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз.