Абай облысында азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында ауылдық елді мекендерде «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді.
«Құқық кабинеті» – бұл арнайы компьютермен жабдықталған орын. Мұнда тұрғындар:
- қолданыстағы заңдармен және нормативтік құқықтық актілермен таныса алады;
- eGov, e-Otinish, «Заң» деректер базасы, Ашық НҚА, ZanKomegi, Тараптар кабинеті және өзге де ақпараттық жүйелерді пайдалана алады;
- мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу мүмкіндігіне ие.
Құқық кабинеттері азаматтар көп жиналатын орындарда – әкімшілік ғимараттарында және өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандарда орналастырылған.
Бүгінгі таңда Аягөз ауданының бірқатар ауылдық округтерінде «Құқық кабинеттері» іске қосылып, тұрғындарға қызмет көрсетуде:
- Ақтоғай а/о – Абай облысы, Аягөз ауданы, Ақтоғай кенті, Т. Күзембаев көшесі, 49
- Айғыз а/о – Айғыз ауылы, Орталық көшесі, 250
- Ақшәулі а/о – Ақшәулі ауылы, 60 жыл Октябрь көшесі, 32 үй
- Ақшатау а/о – Доненбай ауылы, Орталық көшесі, 12
- Ақши а/о – Ақши ауылы, Ә. Тәңірбергенов көшесі, 19
- Баршатас а/о – Баршатас ауылы, Абылай хан көшесі, 12
- Бидайық а/о – Бидайық ауылы, Төменгі ауыл, 36
- Емелтау а/о – Емелтау ауылы, Төлеу Көбдіков көшесі, 11
- Қосағаш а/о – Қосағаш ауылы округі әкімшілігі, Т. Тілеуханов көшесі, 1А
- Мәдениет а/о – Мәдениет ауылы, Б. Тойсары көшесі, 15
- Малкелді а/о – Қорық ауылы, Байғотан би көшесі, 13
- Өркен а/о – Өркен ауылы, Бейбітшілік көшесі, 127
- Сарыарқа а/о – Сарыарқа ауылы, М. Ерболова көшесі, 20
- Тарбағатай а/о – Тарбағатай ауылы, Өкпеті көшесі, 3А
- Тарлаулы а/о – Тарлаулы ауылы, Н. Ибрайұлы көшесі, ғимарат 2А