
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті. Бір жылда 3,72 трлн теңгеге немесе 16,8%-ға артты.
2025 жылдың 1 желтоқсанында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,39 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 14,9%.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 724,44 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 12,7%.
Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 26,3% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2025 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша көлемі 9,58 млрд теңге.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 желтоқсанына 691,53 млрд теңге болды.
Түсімдер
Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бір жыл ішінде салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 3 085,73 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 19,2%-ға (немесе 496,50 млрд теңгеге) артық.
МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 1 желтоқсанына дейін 2 379,91 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 9,0%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 122,12 млрд теңге (өсім – 17,1%), ЕЗЖ – 2,15 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 11 айында ЖМЗЖ 405,17 млрд теңгені құрады.
Төлемдер мен аударымдар
2025 жылдың 11 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1 697,09 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 50,5% немесе 569,24 млрд теңгеге көп.
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 19,5% ұлғайып, 01.12.2025ж. 221,55 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 726 теңге.
Жыл басынан бері 01.12.2025ж. дейін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) де жүзеге асырылды – 1 009,68 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 56,59 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 40,34 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,85 млрд теңге, жерлеуге – 9,65 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 356,43 млрд теңге аударылды.
ЖЗШ саны
2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,15 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,09 млн бірлік немесе 6,4%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 желтоқсанына 12,70 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,28 млн - МЗЖ бойынша, 760,24 мыңы - МКЗЖ бойынша, 464,22 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар.
Ал БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,45 млн бірлік.
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.